Кәусәр сүресінің қасиеті
Кәусәр сүресінің қасиеті

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: • "Кім Кәусар сүресін оқыса, Алла Тағала оған жәннәт өзендерінен су ішкізеді. Құлдарының әр құрбан айтта шалған құрбандық немесе Алла разылығы үшін шалынған құрбандықтарының санындай сауапқа ие болады." Кәусәр сүресіне байланысты риуаяттар: • Таңертең ойлаған уақытында тұру үшін ұйықтар алдында үш рет  оқып жатар болса, ойға алған уақытында ояна алады. • Әр күні оқып жүру дұшпандық жасалуынан сізге тосқауыл болады. • Жұма түні мың рет осы сүрені оқып, артынан жүз рет Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтып жатар болса, сол түні Пайғамбарды (с.а.у.) түсінде көреді. • Бұл сүрені өзімен бірге алып жүрген адам әр түрлі жамандықтарға қарсы қорғалынған болады.    Кәусар сүресінің біз біле бермейтін сырлары: • 100 рет оқыған адамның Алла Тағала тілегін қабыл етеді. • Харам болмаған әр түрлі қажеттіліктері үшін жаңбыр жауғанда жүз рет оқып дұға етер болса, дұғасы қабыл болады. • Бұл сүрені суы тартылған бұлаққа әр күні жеті рет оқып тұрса, суы аға бастайды.   Алла Тағала құдси хадисте айтады: •  Құдіретіме ант етемін, кім Кәусар сүресін сеніп әрі сауабын үміт етіп оқитын болса, оны кешіремін.

*** Таң намазына ұйықтап қалмау үшін, әр түні ұйықтар алдында осы сүрені кемі үш рет оқып жату керек.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
2 жыл бұрын 5193
7 пікір
Блог туралы