Ұнатпаған нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін...
Ұнатпаған нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін...

Ілгері уақытта Әбу Мұхаммед деген үлкен бір ғалым кісі болған екен. Сол кісінің мінезі өте нашар әйелі болады. Нашарлығы сондай ол мінезі елге де мәлім көрінеді. Бұдан хабардар бір кісі Әбу Мұхаммедке келіп:
- Сіз сондай бір құрметті адамсыз. Сыйлы адамсыз. Мына әйеліңіз сізге лайықсыз. Неге бұлай жүресіз? Егер, сіз бұл әйелді жіберетін болсаңыз, оның орнына сізге жақсы әйел ретінде қызын беремін деп отырған, әпкесін беремін деп отырған адамдар көп-ақ қой, дегенінде, Әбу Мұхаммед:
- Өзің ойланып қарашы, Алла Тағала маған денсаулық нығметін берді. Алла Тағала маған тоқшылық нығметін берді. Алла Тағала маған ілім нығметін берді. Құрмет берді. Бұларға шүкір қыла алып жатырмын ба, шүкірлік қыла алмай жатырмын ба? Менде де кемшілік көп, қателіктер де кетеді. Мүмкін күнәларым да көп шығар. Ал, енді әйелім Алланың және бір маған берген нығметі болуы мүмкін. Өйткені, сол арқылы жеткен уайым, сол арқылы жеткен қиындықтар менің күнәмнің кешірілуіне себепкер болады. Егер, мен әйелімді жіберіп қоятын болсам, күнәларым мені күйретіп жіберетін болады. Бұл әйел мені сол күнәларымның зарарынан сақтап отқан шығар. Сондықтан мен бұны Алланың нығметі деп білемін, деген екен.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
2 жыл бұрын 824
5 пікір
Блог туралы