Бақытты болыңыз!
Бақытты болыңыз!

Ойын баласы жол үстінде топыраққа малынып, балшықтан жасалған машинасымен ойнап отырған болатын. Байқаусызда жанынан өтіп бара жатқан бейтаныс кісінің қап-қара шалбарына топырақ шашып, бүлдіріп алды. Әлгі кісі қымбат шалбарына топырақ жұққанын көріп, ызаға булықты. Ашуланған бойда құлақ шекеден шапалақпен тарып жіберді. Балағын қағып кете бергенінде жылап отырған бала:

– Аға, бақытты болыңыз! – деді. Баланың сөзіне таңырқап:

– Сен, жаңа ғана өзіңді шапалақпен салып қалған адамға бақыт тілеп тұрмысың? Әлде мазағың ба?

– Жоқ, аға. Мазағым емес. Сізге шынымен бақыт тілеймін!

– Не үшін?

– Бақытты адам ойнап отырған балаға қол көтермейді. Ал, сіз... Сол себепті бақыт тілеудемін. 

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
2 года назад 748
6 комментариев