Фатиха сүресі туралы не білесіз?
Фатиха сүресі туралы не білесіз?

Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
   «Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.»
   «Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.»
   «Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.»
   «Ең қасиетті сүре – Фатиха.»
   «Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.»
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.»
***.  Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:
 «Ант етемін, Алла Тағала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан.» (Тирмизи)
***Сүйікті пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:
«Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
***Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі Фатиха сүресін оқыған кезде, Аллаһу та’аланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам: «Не оқыдың?» деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:
«Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари)
***Дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ болады.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
2 года назад 9500
2 комментария