Мен Оған ғашық болдым...
Мен Оған ғашық болдым...

Мұсаның (а.с.) заманында ешкім жақсы көрмейтін, күнаһар бір кісі болатын. Сол кісі бір күні өледі. Айналасындағылар бұл да адам ба, деп оны қоқысқа тастап жібереді. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Менің пәлен жердегі қоқыста әулие бір құлым бар. Оны ол жерден шығарып, тазалап, дұрыстап жерле» деп әмір етеді. Мұса (а.с.) әлгі кісіні қоқыстың ішінен тауып алып, Алланың әмірін орындайды. Бұл жағдайды көрген халық таң қалады. Жерлегеннен кейін Мұса (а.с.) әлгі кісінің үйіне келіп:
- Ей ханым, бұл кісі не істеген, қандай жақсы амал жасаған?- деп сұрайды. Әйел:
- Ешкім оны жақсы көрмейтін, бәрі одан қашатын, оның ешқандай жақсы амалы жоқ еді.
- Жақсылап ойлан, оның қайырлы бір амалы, жақсы бір ісі бар.
- Еш бір жақсылығы жоқ еді, үнемі күнә істейтін,- дейді. Үшінші рет сұрайды:
- Оның міндетті түрде бір игі ісі бар, Алла Тағала маған оны жерлеуімді айтты,- дейді. Сонда әйел былай дейді:
- Бір күні Тәурат оқып жатқан еді, оқып жатқан кезде Мұхаммедтің (с.а.у.) Ахмет деген есімін кездестіреді. Бұл неткен әдемі есім деді, тағы да оқып, бұл неткен әдемі есім деді. Кейін, йа Раббым есімі осындай әдемі болған адамның кім білсін өзі де әдемі шығар, мен оған ғашық болдым деп есімін сүйген еді.
Сонда Мұса (а.с.) болды, енді түсінікті дейді.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
2 года назад 757
3 комментария
  • Алланың мейірімінің шексіздігі. Еш пендесін ескерусіз қалдырмайды! Аллаһу Акбар!
    2 года назад
  • Шынында бұл қарапайым мысалдан Алланың мейрімді шексіздігін көруге болады. Біздей пенделер соны көруге қауқарсызбыз. Бұл дүниенің қызығына малынып, үлкен сынақтың бар екенін естен шығарып жатамыз. Мүмкін, тәубамызға келіп, ойланармыз, уа адамзаттың баласы?
    2 года назад
  • Қандай керемет оқиға!
    2 года назад