Йасин сүті...
Йасин сүті...

Бір әйел үнемі баласын емізерде бастан-аяқ  "Йасин" сүресін оқиды екен. Бала болса сүре біткенше үнсіз еміп, тыңдайтын көрінеді. Бұл жағдай баланың ана сүтінен шыққан уақытына дейін жалғасады.
Жылдар өтеді. Әлгі бала өте көркем мінезді жан болып есейеді. Әрі үлкен бір ғалым болады. Анасы баласының қайырымды жан, қайырлы ұл болып өскенін көріп, қуанып, баласына:
- Ұлым! Қандай да бір жоғары дәрежелерге жетіп жатсаң  "өзім жеттім" деуден сақтан. Сәби шағыңда мен сені  "Йасин сүтімен"  өсіргенмін. Сондықтан, Жаратушымыз саған осындай рухани кемелдікті нәсіп еткен болар,- деп насихат айтып, артынан "Мейірімді Жаратушымыз сені қайырлы құлдарының қатарына қоссын,"  деп дұға жасайды екен.

#Үлгілі ана!

"Büyük dini hikayeler" кітабынан тәржімаланған.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
10 лет назад 4634
1 комментарий
О блоге