Мұсаның (а.с.) заманында ешкім жақсы көрмейтін, күнаһар бір кісі болатын. Сол кісі бір күні өледі. Айналасындағылар бұл да адам ба, деп оны қоқысқа тастап жібереді. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Менің пәлен жердегі қоқыста әулие бір құлым бар. Оны ол жерден шығарып, тазалап, дұрыстап жерле» деп әмір етеді. Мұса (а.с.) әлгі кісіні қоқыстың ішінен тауып алып, Алланың әмірін орындайды. Бұл жағдайды көрген халық таң қалады. Жерлегеннен кейін Мұса (а.с.) әлгі кісінің үйіне келіп:
- Ей ханым, бұл кісі не істеген, қандай жақсы амал жасаған?- деп сұрайды. Әйел:
- Ешкім оны жақсы көрмейтін, бәрі одан қашатын, оның ешқандай жақсы амалы жоқ еді.
- Жақсылап ойлан, оның қайырлы бір амалы, жақсы бір ісі бар.
- Еш бір жақсылығы жоқ еді, үнемі күнә істейтін,- дейді. Үшінші рет сұрайды:
- Оның міндетті түрде бір игі ісі бар, Алла Тағала маған оны жерлеуімді айтты,- дейді. Сонда әйел былай дейді:
- Бір күні Тәурат оқып жатқан еді, оқып жатқан кезде Мұхаммедтің (с.а.у.) Ахмет деген есімін кездестіреді. Бұл неткен әдемі есім деді, тағы да оқып, бұл неткен әдемі есім деді. Кейін, йа Раббым есімі осындай әдемі болған адамның кім білсін өзі де әдемі шығар, мен оған ғашық болдым деп есімін сүйген еді.
Сонда Мұса (а.с.) болды, енді түсінікті дейді.
Мен Оған ғашық болдым...
|
3 комментария
-
Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРАлланың мейірімінің шексіздігі. Еш пендесін ескерусіз қалдырмайды! Аллаһу Акбар!10 лет назад
-
Алма ТүсіпбековаШынында бұл қарапайым мысалдан Алланың мейрімді шексіздігін көруге болады. Біздей пенделер соны көруге қауқарсызбыз. Бұл дүниенің қызығына малынып, үлкен сынақтың бар екенін естен шығарып жатамыз. Мүмкін, тәубамызға келіп, ойланармыз, уа адамзаттың баласы?10 лет назад
-
Nurqanat BaizaqҚандай керемет оқиға!10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.