Ілгері уақытта Әбу Мұхаммед деген үлкен бір ғалым кісі болған екен. Сол кісінің мінезі өте нашар әйелі болады. Нашарлығы сондай ол мінезі елге де мәлім көрінеді. Бұдан хабардар бір кісі Әбу Мұхаммедке келіп:
- Сіз сондай бір құрметті адамсыз. Сыйлы адамсыз. Мына әйеліңіз сізге лайықсыз. Неге бұлай жүресіз? Егер, сіз бұл әйелді жіберетін болсаңыз, оның орнына сізге жақсы әйел ретінде қызын беремін деп отырған, әпкесін беремін деп отырған адамдар көп-ақ қой, дегенінде, Әбу Мұхаммед:
- Өзің ойланып қарашы, Алла Тағала маған денсаулық нығметін берді. Алла Тағала маған тоқшылық нығметін берді. Алла Тағала маған ілім нығметін берді. Құрмет берді. Бұларға шүкір қыла алып жатырмын ба, шүкірлік қыла алмай жатырмын ба? Менде де кемшілік көп, қателіктер де кетеді. Мүмкін күнәларым да көп шығар. Ал, енді әйелім Алланың және бір маған берген нығметі болуы мүмкін. Өйткені, сол арқылы жеткен уайым, сол арқылы жеткен қиындықтар менің күнәмнің кешірілуіне себепкер болады. Егер, мен әйелімді жіберіп қоятын болсам, күнәларым мені күйретіп жіберетін болады. Бұл әйел мені сол күнәларымның зарарынан сақтап отқан шығар. Сондықтан мен бұны Алланың нығметі деп білемін, деген екен.
Ұнатпаған нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін...
|
5 комментариев
-
Қайрат Жолдыбайұлы"Сақтап отқан шығар." Қай тілде?10 лет назад
-
B. KeneskyzyСабыры жетсе игі...10 лет назад
-
Сұлтанбекқызы ҚұралайСаламатсыз ба, Қайрат аға! Ауыз-екі тілде жазып жіберген екенмін. Айыпқа бұйырмағайсыздар10 лет назад
-
Қайрат ЖолдыбайұлыКөш жүре түзеледі. Оқасы жоқ.10 лет назад
-
Nurqanat BaizaqҒалымдарды Алла Тағала әйелдермен сынаған оқиғалар көп. Бұл бір сынақ әрі нығмет екені рас. Сабыр етсе сауап алады.10 лет назад
-
Рабига АбдраймоваДурыс9 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.