Ясин сүресінің қасиеті
Ясин сүресінің қасиеті

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әр түні Ясин сүресін оқуды әдет қылып, сол жағдайында қайтыс болған адам шәһид болады». 

«Құран кәрімде бір сүре бар, оқыған адамға шапағат етеді, ал тыңдағанның кешірілуіне себеп болады. Ахиретте қорыққанынан сақ болады. Бұл сүре – Ясин».  

«Өлім халінде жатқан аурудың қасында Ясин шәриф оқылатын болса, әрбір әрпі үшін бір періште келіп, рухының оңай шығуына дұға етеді. Жуындырғанда жанында болады. Табытымен бірге барады. Намазына, жерлеуіне де қатысады және әрдайым дұға етеді».

«Шайтандар Ясин сүресінен, Хашр сүресінің соңғы бөлімінен және Фәлақ, Нас сүрелерінен қашады».

«Мазарға кірген адам Ясин сүресін оқыса, сол күні мәйіттердің азаптары жеңілдейді. Ал оқыған адамға мәйіттердің санымен бірдей сауап беріледі».

«Жанында Ясин сүресі оқылған науқас суға қанған күйде өледі және тойған күйде қабірге кіреді».

«Мұсылман болған науқастың жанында Ясин  оқылатын болса, Ридуан есімді періште науқасқа жәннат шәрбетін әкеледі. Суға қанған күйде жанын тапсырады. Тойған күйде қабірге кіреді. Суға мұқтаждығы болмайды».

«Ясин оқыңдар. Бұл сүреде он берекет бар. Аш адам оқыса – тояды. Киімі жоқ адам оқыса – киім табады. Бойдақ оқыса – үйленеді. Қорқуда болған адам оқыса – сақ болады. Мұңды адам оқыса – көңіл-күйі көтеріледі. Жолаушы оқыса – сапарда жәрдем табады. Жоғалған нәрсе табылады. Науқас адам оқыса – шипа табады. Өлгеннің жанында оқылса – азабы жеңілдейді. Шөлдеген адам оқыса – суға қол жеткізеді».

«Кімде-кім ата-анасының немесе екеуінен бірінің қабірін әр жұма сайын зиярат етіп, сол жерде Ясин оқып тұрса, Алла Тағала оны Ясин сүресіндегі әріптердің мөлшеріндей кешіреді».

«Құран кәрімнің жүрегі – Ясин. Сөзсіз бұл сүре дерттерге шипа. Кімде-кім Алланы және ахиреттіктерді ойлап Ясин оқыса, Алла оны міндетті түрде кешіреді».

«Әр түні Ясин сүресін оқыған адам міндетті түрде шәһид болып өледі».

«Жұма түндері Ясин сүресін оқыған адам таңды Алланың кешіріміне қауышқан күйде қарсы алады».

Ясин сүресінің пайдалары Хадис шәрифте былай делінген: «Құран кәрімде бір сүре бар, оған Алла дәрежесінде «Азыйма» делінеді. Бұл сүрені оқыған адам қиямет күні көптеген адамдарға шапағат етеді. Бұл сүре – Ясин сүресі».

Ясин сүресін оқудың біршама пайдалары:   

1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.   

2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.   

3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.   

4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.   

5) Мұқтаждар жәрдемші табады.   

6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді.   

7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.   

8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.   

9) Киімі болмаған адам киім табады.  

10) Жоғалған нәрсе табылады.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
10 лет назад 307392
2 комментария
О блоге