"Әбу Бәкірдің Алла алдында мұншалықты қадірі бар ма?"
"Әбу Бәкірдің Алла алдында мұншалықты қадірі бар ма?"

Пайғамбарымызбен (с.а.у.) Әбу Бәкір (р.а.) хижрет кезінде тау үңгірінде үш күн болды. Әбу Бәкір Сыддық қатты шөлдегенін айтқанда Пайғамбарымыз оған былай бұйырды:
– Ей, Әбу Бәкір! Сыртқа шық, ағып тұрған өзеннен қалағаныңша іш!
     Әбу Бәкір сыртқа шыққанында таң қалды. Қардан суық және аппақ, балдан тәтті және хош иісті бір өзеннің ағып тұрғанын көрді. Шөлін қандырып ішіп кейін Пайғамбарымыздан сұрайды:
– Ей, Расулулла, бұл таудың басында ағып тұрған қандай жанды су, мұндайды әлі ешкім көрмеген.
   Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған:
–     Хақ Тағала жәннат өзендерінен жауапты болған періштеге сен ішуің үшін фирдәус жәннатынан осы үңгірдің алдына бір өзен ағызуын әмір етті.
   Әбу Бәкір жылап тұрып:
–  Әке-шешем сен үшін құрбан болсын! Әбу Бәкірдің Хақ Тағала алдында мұншалықты қадірі бар ма еді, ол үшін су жіберерлік?
– Хақ Тағала алдында қадірің өте жоғары. Мені пайғамбар етіп жіберген Аллаға ант етіп айтамын саған дұшпандық еткендер жетпіс жылдық жақсылықтары болса да жаннатқа кіре алмайды.

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
10 жыл бұрын 4198
0 пікір
Блог туралы