Хадистерде былай делінген:
• «Мүлк сүресі жамандықтардың алдын алушысы және құтқартушысы. Ол қабір азабынан қорғайды.»
•«Мүлк сүресін әр түні оқыған адамнан Алла Тағала қабір азабын алып тастайды.»
• «Мүлк сүресін оқымастан жатпа! Өйткені өлетін болсаң, қабірде саған жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған адам Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауапқа ие болады.»
• «Мен Мүлк сүресінің үмбетімдегі әрбір адамның жүрегінде болуын ұнатамын.»
• «Құран кәрімнен отыз аяттық бір сүре бір адамға шапағат етті және нәтижесінде кешірілді. Ол - Мүлк сүресі.»
* Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлк сүресінің оқылып жатқаны естілді. Расулуллаға (с.а.у.) мұны айтқанда, Ол:
«Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды» деді.
* Абдулла ибн Аббас былай деді:
«Мүлк сүресін оқы! Оны жаттап ал! Бала-шағаңа және көршілеріңе де үйрет. Себебі бұл сүре азаптардан құтқарушы. Оқыған адамға Алла Тағаланың алдында шапағатшы. Егер адам оны жаттап алған болса, Алладан оны тозақтан құтқаруын сұрайды. Алла мұның себебімен әлгі адамды қабір азабынан құтқарады.»
* Абдулла ибн Мәсуд былай деді:
«Біреу қайтыс болып қабірге түсірілген кезінде азап періштелері мәйіттің басына келеді. Бас оларға: "Оған жоламаңдар, өйткені ол маған Мүлк сүресін оқыды" дейді. Содан соң қарын жағына барып отырады. Ол да: "Оған жоламаңдар. Өйткені ол менде Мүлк сүресін жаттап сақтаған" дейді. Осы себептен бұл сүреге "қабір азабына бөгет" мағынасында "Мания" делінген.»
* Абдулла ибн Мәсуд былай деген:
«Кімде-кім, әр түні Мүлк сүресін оқыса, Алла Тағала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады.»
***(Мүлк сүресі Құран кәрімде 561-563 беттері арасында.)
Мүлк сүресінің қасиеті
|
5 пікір
-
Nurqanat Baizaq«Кімде-кім, әр түні "Мүлк" сүресін оқыса, Алла Тағала мұның себебімен ол кісіні қабір азабынан құтқарады».9 жыл бұрын
-
Cаттарәр сүренің өз ерекшелігі бар, қысқасы, қасиетті Құранды тұтас жаттап алмасаң да ең қажетті сүрелерді жадыңа тоқыған дұрыс. Әр сүренің өз қасиеті бар, бұл Құранның мұғжиза екенін білдірсе керек - ғылым, тұрмыстық мәселелерге қатысты сүрелерін былай қойғанда9 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyРахмет.9 жыл бұрын
-
Рабига АбдраймоваДурыс болды,рахмет9 жыл бұрын
-
ShynarАллаһ Тағала махаббатпен жаратқан адамзатқа өзінің азабынан құтылатын барлық мүмкіндікті дайындап берген ғой. Тек қана сол мүмкіндіктерді пайдалана білсек болғаны...9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.