Үкімін жойған талақ
Үкімін жойған талақ

Имам Ағзам Әбу Ханифаның достарынан, сол заманның хадис және қырағат білгірлерінен Сүлейман Әмеш деген кісі болыпты. Қас қарайғанда Әмеш әйелімен болмашы мәселеге араздасып, әйелінің көңілін қалдырыпты. Тартыстың артынша Әмеш әйелімен бір мәмілеге келгісі келеді, алайда әйелі ренжулі болғандықтан күйеуінің сөздерін жауапсыз қалдырады. Күйеуі бұған ашуланып: «Неге маған жауап бермейсің?» – деп айқайлайды. Бірақ бұл жолы да әйелі тарапынан жауап болмайды. Амештің қызы әкесінің ашуын баспақ болып:

– Бүгін сөйлеспегенімен ертең сөйлесер, – десе де, Амештің ашуы тарқамай:

– Егер таң намазына дейін менімен сөйлеспейтін болса, менен басы азат болсын, – деп, ашумен айтып қалады.

Қызы анасының әкесімен сөйлесуі үшін қанша амал етіп тырысса да, ештеңке шықпайды. Аз уақыттан соң Амеш ашудың ырқына еріп берген антына өкінді. Түннің бір уақытында киініп, үйінен шығада да, Әбу Ханифаның үйіне бет түзейді. Амеш әйелімен арадағы жағдайды түсіндіріп,шарасыз бір хәлде:

– Әйелімді жоғалтып алудан қорқамын. Ол балаларымның анасы ғой. Антымнан құтылатын, жанымды жай таптыратын бір шара бар ма? – деп сұрады. Әбу Ханифа ойланып тұрып:

– Үмітіңді үзбе. Алланың қалауымен бір шара табылар, – деді де, Амештің тұратын жеріндегі мешіт азаншысына хабар жібертіп, жанына шақыртты. Азаншыға бұл түні таң азанын уақыты кірместен бұрын айтуын тапсырды. Амеш те үйіне барып, азанды күте бастады. Уақытынан бұрын айтылған азан даусын естіген Амештің әйелі күйеуінің антын есіне салып:

– Енді сенен басым бос, – дегенінде, Амеш күлімдеп:

– Әлі таң болмады. Сен де сөйлеп антымды бұздың. Бізге шара тауып бергенге Алла разы болсын! –  десті.

Түрікшеден аударылған

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
10 жыл бұрын 5061
5 пікір
Блог туралы