Ілгері уақытта Әбу Мұхаммед деген үлкен бір ғалым кісі болған екен. Сол кісінің мінезі өте нашар әйелі болады. Нашарлығы сондай ол мінезі елге де мәлім көрінеді. Бұдан хабардар бір кісі Әбу Мұхаммедке келіп:
- Сіз сондай бір құрметті адамсыз. Сыйлы адамсыз. Мына әйеліңіз сізге лайықсыз. Неге бұлай жүресіз? Егер, сіз бұл әйелді жіберетін болсаңыз, оның орнына сізге жақсы әйел ретінде қызын беремін деп отырған, әпкесін беремін деп отырған адамдар көп-ақ қой, дегенінде, Әбу Мұхаммед:
- Өзің ойланып қарашы, Алла Тағала маған денсаулық нығметін берді. Алла Тағала маған тоқшылық нығметін берді. Алла Тағала маған ілім нығметін берді. Құрмет берді. Бұларға шүкір қыла алып жатырмын ба, шүкірлік қыла алмай жатырмын ба? Менде де кемшілік көп, қателіктер де кетеді. Мүмкін күнәларым да көп шығар. Ал, енді әйелім Алланың және бір маған берген нығметі болуы мүмкін. Өйткені, сол арқылы жеткен уайым, сол арқылы жеткен қиындықтар менің күнәмнің кешірілуіне себепкер болады. Егер, мен әйелімді жіберіп қоятын болсам, күнәларым мені күйретіп жіберетін болады. Бұл әйел мені сол күнәларымның зарарынан сақтап отқан шығар. Сондықтан мен бұны Алланың нығметі деп білемін, деген екен.
Ұнатпаған нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін...
|

5 пікір
-
Қайрат Жолдыбайұлы"Сақтап отқан шығар." Қай тілде?10 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyСабыры жетсе игі...10 жыл бұрын
-
Сұлтанбекқызы ҚұралайСаламатсыз ба, Қайрат аға! Ауыз-екі тілде жазып жіберген екенмін. Айыпқа бұйырмағайсыздар10 жыл бұрын
-
Қайрат ЖолдыбайұлыКөш жүре түзеледі. Оқасы жоқ.10 жыл бұрын
-
Nurqanat BaizaqҒалымдарды Алла Тағала әйелдермен сынаған оқиғалар көп. Бұл бір сынақ әрі нығмет екені рас. Сабыр етсе сауап алады.10 жыл бұрын
-
Рабига АбдраймоваДурыс10 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 жыл бұрын2025, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.