Баласы аңдамай сөйлеп әкесін ренжітіп алыпты. Араға бір күн салып, қателігін түсінген бала әкесіне келіп:
– Әкешім, менен қателік кетті. Білместік болды.
– Жарайды балам, екінші қайталамасаң болғаны.
Әкесінің әлі де көңілі орнықпағанын көрген баласы:
– Әке, мен өз қателігімді түсінсем де, сіздің көңіліңіз баз қалпынша жабырқаулы көрінеді.
– Балам, қолыңа үстел үстіндегі стаканда ал.
– Алдым.
– Енді жерге таста.
– Тастадым.
– Қандай өзгеріс болды?
– Стакан сынып қалды.
– Стаканнан кешірім сұрап көрші, бастапқы бүтін қалпына келер мекен. Адамның көңілі де, стакан тәрізді.