Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды
Әйелге барып дәлелде!
Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем
Сүйкімді болсаң шынымен
Әйелің сүйсін алдымен!
Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең – әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың
Әйелге болсаң жексұрын.
Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың
Әйелдің тілін таппасаң!
Ананың сорып емшегін
Басылған талай кемсеңің.
Бәдік боп өмір кешесің
Бермесе әйел жень-шенін.
Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың
Әйелден болған ажалы!
Әйелден ыстық от бар ма?
Сол үшін түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді
Әйелің өлсін деп қарға!
Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін – сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың
Әйелің сорлы болса егер!
Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!
Құдайдан кейін - сол шебер !
|

4 комментария
-
Сұлтанбекқызы ҚұралайЖүрсін Ерманның "Өмірдің мәні әйелде" атты өлеңі.8 лет назад
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТКеремет! Әйел ол - ана, бір қолымен әлемді тербететін.8 лет назад
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫКелісемін.8 лет назад
-
Қайрат Жолдыбайұлы"Құдайдан кейін сол шебер" деген жері артықтау.8 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Серік Молдабек добавил(-а) новую запись: "«Сүлейменшілер» деген кімдер?..."30 минут назадAnar нравится комментарий: "Жақсы дүние екен. Рахмет!..."14 часов назадAnar нравится комментарий: "әмин!..."14 часов назадAnar нравится комментарий: "Бахытыңыз баянды, қуанышыңыз ұзағынан болсын. Алла..."14 часов назадAnar нравится комментарий: "Ай бәрекелді!..."14 часов назадAnar нравится комментарий: "Машалла! Осындай жеңгелердің ақылынан айналаның...."14 часов назад2023, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.