Ұнатпаған нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін...
Ілгері уақытта Әбу Мұхаммед деген үлкен бір ғалым кісі болған екен. Сол кісінің мінезі өте нашар әйелі болады. Нашарлығы сондай ол мінезі елге де мәлім көрінеді. Бұдан хабардар бір кісі Әбу Мұхаммедке келіп:- Сіз сондай бір құрметті адамсыз. Сыйлы адамсыз. Мына әйеліңіз сізге лайықсыз. Неге бұлай жүресіз? Егер, сіз бұл әйелді жіберетін болсаңыз, оның орнына сізге жақсы әйел ретінде қызын беремін деп отырған, әпкесін беремін деп отырған адамдар көп-ақ қой, дегенінде, Әбу Мұхаммед:- Өзің ойланып қарашы, Алла Тағала маған денсаулық нығметін берді. Алла Тағала маған тоқшылық нығметін берді. Алла...