Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолданған майлық
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолданған майлық

Әннас ибн Маликтің (р.а.) үйіне қонақтар келеді. Тамақтанып болғаннан соң, қонақтардың қолдарын сүртуге майлық ұсынылады. Қонақтар бет-аузын сүртіп болғасын, Әнас (р.а.) майлықты жанып жатқан отқа тастай салады. Мән-жайды бағып отырған қонақтар аң-таң қалысты. Көп уақыт өтпей алаулаған оттың ішінен әлгі майлықты қайта алды. Майлық еш жанбаған, жану былай тұрсын дақ та түспеген. Қонақтар таңырқап бұл істің сырын сұрағанында Әнас ибн Малик (р.а.): «Бұл майлықты адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолданып, аузын сүрткен болатын. Ардақты жанның мүбәрак аузы тиген затқа оттың зиян келтіруге дәті бармайтынына сендім», – деген екен.

«Mevlana konuşuyor» кітабынан, 140-бет

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
9 жыл бұрын 5168
2 пікір
Блог туралы