Әйелдерге деген көзқарас қандай еді?
Әйелдерге деген көзқарас қандай еді?

Әлемде тұңғыш рет әйелдің мәртебесін көтерген адам – Мұхаммед с.ғ.с. Одан бұрын әлемде әйелге деген көзқарас қандай еді. Мысалы: * Ежелгі Грецияда:   «Әйелден асқан қатер жоқ! (Гомер)»  «Әйелге деген махаббат – нағыз у (Сократ)»  « ….әйел табиғи құбыжықтандырылған еркек (Аристотель)»  «Үш қатер – от, теңіз және әйел (Эзоп)». Бұл сөздерден Ежелгі гректердің әйелдерге деген көзқарасын білуге болады. Грецияда ең сұлу әйелді бірнеше ірі қараға айырбастап алуға болатын. Махаббат бір аурудың түрі ретінде қарастырылған. * Ежелгі Үндістанда: қыздарды сәби кезінен өздерінің діни храмдарының жезөкшесі ретінде дайындайтын. Ең ауқатты отбасылардың өзі еш шімірікпестен қыздарын осыған дайындайтын. Халық таптарға бөлініп, ең нашар жаратылыс әйел деп есептелетін. Оларға діни мейрамдарға қатысуға, өздерінше қасиетті санаған кітаптарды оқуға тыйым салынатын еді. Өлген күйеуімен бірге отқа жағылатын әйел, ең жақсы әйел деп бағаланатын. Бұл рәсім – сати рәсімі, осы күнге дейін жалғасын табуда. * Фиджи аралында: жүгіру жарысында ұстап алынған әйел сол еркектің меншігіне өтетін болған. * Нассауда:  жесір әйел бүкіл ауылдың меншігі есептелетін. Жесірлерді әдейі тамақтандырып, кейін  оны ортақ мүлік ретінде жеп қояатын жағдайлар да жиі болатын. * Ежелгі Қытайда: үйге келін түсісімен, үйде қатарынан үш күн қайғылы есептеліп, әйелді психологиялық тұрғыдан төмендетіп тастайтын. * Көне Мысырда: күйеуі, әйелі ұнамаса бірден отқа жағып жіберсе де ерігі болатын. * Ассирияда (Иран):  отқа табынатындар (мәжуси) заманында әйел өте нашар жағдайда еді. Өте жақын туысымен үйлене беретін. Әйелі үйінен бір зат алып шықса, ұрлықшы есептелетін әрі күйеуі оның құлағын шауып тастайтын. * Русьта:  (солтүстік славян мемлекеті) неке деген атымен жоқ еді. * Конгода:  жүкті әйелге жиіркенішпен қарайтын. * Иудаизмдегі әйелдің орны: Талмуд – еврейдің діни-кодексі. Соның үкімі бойынша егер әйелі үйдегі бір ыдысты сындырса немесе күйеуі одан сұлу әйел кездестірсе, күйеуіне әйелімен ажырасуға рұқсат берілген. Әйелдің ажырасуға ешбір құқығы жоқ. Әйел еркектің жекеменшігі. Дұғаларында еркектер әйел болып жаратылмағанына шүкір етсе, әйелдер күйеулеріне қызмет еткені үшін шүкір ету керек. * Христиан дініндегі әйелдің орны:  Христиандар әйелді: Адам атаны (ғ.с) азғырды деп, солардың кесірінен пейіштен қуылдық деп жазғырады. Соның әсерінен бүкіл Еуропа һәм христиандар әйелдерге жаман қарым-қатынаста еді. Әйел затын кем көретін. Әйелдің ақысы бар ма? Әйел адам ба? Хайуандар сияқты жауапкершілігі жоқ па? Тіпті әйелдің рухы бар ма, жоқ па?-деген тартыстар жүретін.  Ал исламнан бұрынғы арабтарда: Құмар, зинақорлық, әлсіздерге зұлымдық жасау тәрізділер кең тараған. Намыстанып өз қыз балаларын тірідей көметін. Хз.Омар (р.а) бұл жайында: «Аллаһтың атымен ант етейін, біз жәһилия кезеңінде былайша айтқанда Алланың діні келгенге дейін, әйелдерді адам деп санамайтын едік»-дейді. Ислам діні келген соң уахи арқылы әйелдің орны мен құқықтары белгіленді. Әйелдің қоғамдағы орны мен құқықтарына ең көп құрметпен қараған Пайғамбарымыз с.ғ.с таразының басын теңестірді.    Әйелдерге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.    Әйелдердің қоғамдағы орнын көрсеткен дін – Ислам діні. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дінді жая бастағанда әйелдер қауымы ерен еңбек сіңірді. Жәбірейіл (ғ.с) дінді жаю міндетін жеткізгеннен кейін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Иә, Хадиша! Кімді дінге шақырайын? Кімге түсіндірейін?» – дегенде  Хадиша (р.а) анамыз: «Маған түсіндір, иә , Расулалла,  мен мойындаймын» деді. Ол алғаш мүминдерден және алғаш онымен намаз оқығандардан болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Хз.Хадиша анамыз туралы: «Еркектерден жоғары мәртебелерге жеткендер көп. Ал әйелдерден ол дәрежеге жеткендер төртеу. Олар: перғауынның әйелі Әсия, Мәриям бинти Имран, Хадиша және Фатима» –  деген.   Қасиетті Пайғамбарымыздың әйелдер жайлы айтқан өсиет-хадистері: * Әйелдердің сіздерде, сіздердің әйелдерде  хақтарыңыз бар (Ибн Мажә).  * Әйелдер әлсіз әрі қорғансыз жаратылған. Оларды үйлеріңізде қорғаңыздар. Олардың әлсіздігін (яғни ашуын) үнсіздікпен жеңіңіздер (Ибн Аббас).  * Жәннәт аналарыңның аяқ астында (Әнәс). * Әйеліңе көмектесу – садақа (Ибн Омар). * Кім анасының көзін сүйсе, бұл ол үшін тозақтан перде (Ибн Аббас). * Сіздердің ең қайырлыларыңыз, әйелі мен қыздарына ең жақсы қарағандарыңыз (Әбу Хурайра). * Иманды әйел – қайырлы іс жасамайтын 1000 еркектен де қайырлы (Омар ибн Хаттаб). * Әйел еркектің екінші жартысы (Айша). * Ең жақсы балалар – нәзік, мейрімді, қымбат әрі сүйіспеншілікке толы қыздар. (Али ибн Әбу Тәліп). * Егер сіздердің біріңізде қыз дүниеге келсе, әрі оған қиянат жасамасаңыздар, ренжітпеңіздер, Алла оның себебімен сізді жәннәтқа кіргізеді (Ибн Аббас). * Мүмин ер кісі, мүмин бір әйелге ренжімесін. Адам әйелінің бір мінезін ұнатпаса, басқа мінезіне риза болады. (Муслим)   Міне жай ғана шолып өткеннің өзінен-ақ әйелдің орасан зор мәртебесін байқаймыз. Мақаламды Мұхтар ағамның өлеңімен аяқтайын:     Дүниеге қан тамырдай тарайтын,     Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.     Әйелдерге немқұрайлы қарайтын,     Еркекті мен санамаймын еркек деп.     Қай кезде де сұлулықтың жолы мұз,     Әйел – біздің әзиз байлық қорымыз.     Әйел-біздің тағдырымыз,     Тағдырымыз болған соң,     Белгілі ғой, бағымыз не сорымыз.        Раббымыз әркімге: шүкір етуші жүрек, зікір етуші тіл, сабыр етуші дене, намысын әрі мүлкімізді қорғайтын салихалы әйел нәсіп етсін! Әмин

( Мақала авторы: Нұрмұрат Әл-Фараби )

Сұлтанбекқызы ҚұралайСұлтанбекқызы Құралай
9 жыл бұрын 9073
1 пікір
  • Әйелдер тақырыбын көтерген сайын әлемдегі еврейлер мәселесін айтқан секілді көремін. Әйелдердітек әйел ертіндеқарайды екенбі. Санасыздығымыз. Егер саналы болсақ әйелді әйел ретінде емес АНА ретінде қарар едік. Әттең ...
    9 жыл бұрын
Блог туралы